Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылында тұратын көпбалалы Фазыловтар отбасы ұлының туған күнімен тұспа-тұс келген Президент сайлауына 141-ші сайлау учаскесінен өз дауыстарын берді.

«Болашақ - жастардың қолында. Сондықтан бүгіннен бастап таңдау жасауға, оң-солын танып, ертеңіне сеніммен қарауға тәрбиелеуіміз керек»,- дейді көпбалалы ана.

Сонымен қатар Мұсағалиев, Молдағалиев, Сарбалиндер отбасылары да өз таңдауларын жасап, еліміздің ертеңі жарқын болуына өз үлестерін қосты.

Бақытжан Серіков,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz