Халық арасында таңмен таласып дауыс беруге асыққан ауыл үлкендері сағат сайын толастамауда. Соның ішінде 18 жасар жымпитылық Нұрмат Жүсіпқали да “Ел ертеңі үшін таңдауымды жасаймын!” деп алғаш рет Президент сайлауында дауысын берді.
Нұрмат Саматұлы - Орал қаласындағы КАЗИИТУ білім ордасының 1-курс студенті.
Жас сайлаушыға №291 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Марат Ақбасов естелік сыйлық табыс етті.
Айжан Бауыржанқызы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz