20.11.2022, 11:05
Оқылды: 37

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері де дауыс берді

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері Президент сайлауына белсене қатысып, өз таңдауларын жасады.

WhatsApp Image 2022-11-20 at 10.43.31

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері аталмыш іс-шараның маңыздылығы мен жоғары жауапкершілігін ұғынып, сайлауға белсене қатысты.

Орал, Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалаларында әскери қызметшілер үшін әскери бөлімдерде жеке сайлау учаскесі құрылса, Жаңаөзен қаласының әскери қызметшілері өздерінің тұрғылықты тіркелу орындарында дауыс берді. Әскери қызметшілердің басым бөлігі үшін бұл алғашқы Президент сайлауына қатысу болып отыр. Олардың басым бөлігі өздерінің Отан алдындағы борыштарын атқарып жүрген мерзімдік қызметтегі сарбаздар. Солардың бірі - 5517 әскери бөлімінің сарбазы, Алматыдан келген қатардағы жауынгер Сайран Қосайұлы.

WhatsApp Image 2022-11-20 at 10.43.30

-Осы сайлауда, біздер тек қана ел Президентін емес, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғары қолбасшысын сайлаудамыз. Сондықтан мен, еліміздің болашағы үшін дұрыс шешім қабылдадым деп санаймын, - деді ол.

Кейбір әскери қызметшілер, таң атысымен сайлау учаскесіне отбасымен бірге келіп жетті. Олардың бірі «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының офицері, майор Нарымбаев Қанат. Ол Орал қаласындағы №477 сайлау учаскесінде бірінші болып бюллетеньді урнаға тастап, сайлау учаскесінің комиссия мүшелері сайлауға бірінші болып келген Қанат Нарымбаевқа отбасылық сыйлық табыстады.

-Жалпы сайлау - кез келген ел үшін маңызды оқиға. Бүгін біз де отбасымызбен бірге еліміздің болашағы үшін өз таңдауымызды жасадық,- деді Қанат Нарымбаев.

Капитан Әубәкір Ертуған

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале