20.11.2022, 11:34
Оқылды: 27

Шыңғырлауда жастар арасында "Мен өз таңдауымды жасадым" байқауы өтуде

Бүгінгі 20 қарашада болып жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Шыңғырлау ауданы жастары да өз үлестерін қосуда. Одан қазіргі жас буынның бүгінгі болып жатқан сайлауға бей-жай қарамайтындығын аңғаруға болады. Олар бұл сайлаудың қаншалықты маңызға ие екенін ескере келе, өздерінің сайлауға дауыс беру арқылы атсалысатындықтарын айтуда.

IMG-20221120-WA0211

Жалпы аудан жастарының сайлауға келуін толық қамтамасыз ету мақсатында жастар мен жас отбасылар  арасында "Мен өз таңдауымды жасадым" атты байқауын ұйымдастыруда.

"Біз кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен бірлесіп, 29-ға дейінгі жас отбасылар арасында байқау өткізіп жатырмыз. Ережелері әлеуметтік желілерге орнатылған болатын. Қазіргі уақытта біршама отбасы қатысып, белсенділік танытуда.

IMG-20221120-WA0161
Бүкіл ел үшін маңызы жоғары бұл науқанға жасы 18-ге толған, тұрғылықты жері бойынша тіркелген кез келген жас сайлауға қатыса алады. Өздерінің конституциялық құқықтары аясында өз таңдауларын жасап, дауыс беруге құқылы. Ел Президентінің сайлауына ел болып жұмыла қатысып, келешекке сенімді қадам жасайық!"  - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың директоры Нұрлыбек Қайыржанов.

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале