20.11.2022, 12:46
Оқылды: 54

Сайлауға сәйгүлікпен келді

Сырым ауданындағы «Сырым батыр» көкпар командасының ойыншыларының басым бөлігі Өлеңті ауылынан.

1668926959723

Жылқы десе жанарында жалын ойнап, қазақ десе қаны тулап тұратын жігіттер елдің ең басты саяси оқиғасының мән - маңызын да түйсінеді, түсінеді. Бүгін сырымдық көкпаршылар №293 сайлау учаскесіне байламшасын бастырып бөрік киып, саптама етік сайлап, ат мініп келді. Қазақтың ұлдары әрі ҚР азаматтары ретінде дауыстарын берді.

1668926915560

- Қазақ қоғамы кейінгі кезде рухтық тұрғыдан жаңғыру жайына көңіл бөле бастады. Алаш баласы атқа қонбай, рухының қанатын қаға алмайды. Аталардың байырғы тұрмысы, салты, дәстүрі жаңа Қазақстанға бірге баруы керек. Елдің ертеңіне сеніп, өз таңдауымызды жасадық. - дейді команда капитаны Төлеби Қайыржанов.

1668926820186

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале