20.11.2022, 13:13
Оқылды: 45

Бөрлілік чемпион отбасымен дауыс берді

Сайлауда белсенді дауыс берушілер қатарында паратхэквондодан үш дүркін Азия – Еуропа және 2021 жылы Әлем чемпионы атанған Мәлік Мұқашев бар. Ол қаладағы №81 сайлау учаскесіне отбасымен бірге келді.

WhatsApp Image 2022-11-20 at 13.12.35

-Кез келген жетілген қоғам үшін сайлау айтулы іс-шара. Сондықтан бүгінгі сайлауға отандастар бір кісідей атсалысады деп ойлаймын. Өйткені еліміздің келешегі біздердің, яғни халықтың таңдауына байланысты екендігіне бәріміз сенеміз. Балаларымыздың болашағы үшін дауысымды бердім. Барлық бөрліліктерді, аудан тұрғындарын сайлауға келіп, өз таңдауларын жасауға шақырамын,- дейді чемпион.

-Айта кетейік, Мәлік Мұқашев 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамына алынды. 2014 жылы Бөрлі ауданының «Жыл спортшысы», 2015 жылы Батыс Қазақстан облысының «Жыл спортшысы», 2021 жылы «Параолимпиадалық спорт түрлерінен үздік спортшы» номинацияларының иегері атанды. Мукашев Малик паратхэквондо спорт түрінен 2015 жыл Еуропа чемпионаты (Молдавия) – 3 орын, 2016 жыл Азия чемпионаты (Филиппин) – 3 орын, 2018 жыл Азия чемпионаты (Вьетнам) – 3 орын, 2018 жыл Азия чемпионаты (Иордания) – 3 орын, 2019 жыл Еуропа чемпионаты (Италия) – 1 орын, 2021 жыл Азия чемпионаты (Ливан) – 1 орын, 2021 жыл Еуропа чемпионаты (Түркия) – 1 орын. 2021 жыл Әлем чемпионаты (Түркия) – 1 орын, 2021 жыл ҚР спартакиадасы (Нұр-Сұлтан) – 1 орын, 2022 жыл Азия чемпионатында (Хошимин) – 1 орын иегері атанған болатын.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале