20.11.2022, 13:57
Оқылды: 42

Ұлттық нақыштағы қоғамдық көлік

Бүгінгі сайлау науқанында заманауи көліктермен қатар ұлттық нақыштағы атарба да халыққа қызмет көрсетті. Пірі Қамбар ата саналатын жылқы жануары ерттелген арбада халық домбырамен әуендетіп, көтеріңкі көңіл күймен сайлау учаскелеріне барды. Казталов ауданының тұрғындары жауын-шашынның басылған шағындағы, ауа райының қолайлы уақытында жолға шыққан атарбаға көңілі толатындықтарын жеткізді.

11

- Мен аудан орталығындағы №220 сайлау учаскесінде дауыс беремін. Ауыл көшесінде атарбаның жүруі көңілге медеу болып, ағайынмен бірге жоғары көңіл-күйде мақсатты жерімізге жеттік. Ұлттық болмысымыздың иісі аңқыған қоғамдық көліктің қызметіне шексіз ризамыз, - деді Мергүл Хайрова.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале