20.11.2022, 14:38
Оқылды: 91

Туған күнінде дауыс берді 

Рысбике Сәкенқызы - Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің физика пәнінің мұғалімі. Ұзақ жылдық ұстаздық қызмет пен мектеп өмірі оны кәсіби педагог етіп қалыптастырды. Қолынан түлеген шәкірттері Рысбике ханымды екінші анамыз деп есептейді.

IMG-20221120-WA0194

Бүгін - өлеңтілік ұстаз туған күні. Ерекше оқиғасы сол, Рысбике Сәкенқызы өзінің туған күнінде сайлау учаскесіне келіп, ҚР болашақ Президенті үшін дауыс берді.

Сырымдағы сайлаудың бедерлері осындай.

Бауыржан Ширмединұлы,
Фото авторы: Айман Өтеғалиева

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале