21.11.2022, 12:46
Оқылды: 54

Президенттік сайлауға қай өңір тұрғындары белсенді қатысқаны белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада өткен президент сайлауы бойынша алдын ала қорытындыны жариялап, қай өңірде азаматтар белсенді дауыс бергенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2

ОСК мәліметінше, сайлауға дауыс беру құқығы бар 11 953 465 қазақстандықтың 69,44 пайызы немесе 8 миллион 300 мың 46 адам қатысқан.

Жетісу облысының тұрғындары едәуір белсенді дауыс берген. Онда сайлаушылардың 81,42 пайызы дауыс беруге қатысқан. Сондай-ақ, көшбасшылар арасында:

  • Қызылорда облысы – 81,07 пайыз;
  • Түркістан облысы – 80,37 пайыз:
  • Абай облысы – 80,18 пайыз.

Сондай-ақ, жоғары белсенділік байқалған өңірлер:

  • Жамбыл облысы – 79,57 пайыз;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 79,49 пайыз;
  • Қостанай облысы – 79,28 пайыз;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 79,01 пайыз;
  • Ақмола облысы - 78,87 пайыз;
  • Қарағанды ​​облысы – 78,39 пайыз;
  • Павлодар облысы - 77,58 пайыз.

Азаматтардың жартысынан астамы дауыс берген өңірлер:

  • Ұлытау облысы – 75,48 пайыз;
  • Ақтөбе облысы – 72,81 пайыз;
  • Алматы облысы – 72,1 пайыз;
  • Атырау облысы – 70,87 пайыз;
  • Батыс Қазақстан облысы – 68,67 пайыз;
  • Маңғыстау облысы – 66,99 пайыз;
  • Шымкент – 59,79 пайыз.

Сайлауда аз белсенділік танытқан өңірлер Астана мен Алматы болды. Қалаларда азаматтардың жартысынан көбі сайлау учаскелеріне келмеген.

Астанада сайлаушылардың 48,67 пайызы, Алматыда 28,72 пайызы ғана дауыс берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале