22.11.2022, 12:45
Оқылды: 53

Қытайда соңғы 6 айда алғаш рет коронавирустан кісі өлімі тіркелді

Соңғы алты ай ішінде Қытайда алғаш рет коронавирустан болған үш өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі муниципальды комитеттің жариялаған деректеріне сілтеме жасап.

3

Үш адам да Бейжіңде демалыс күндері қайтқан.
Коронавирус инфекциясынан бірінші болып 87 жастағы ер адам көз жұмған. Пациентте COVID-19-дың алғашқы белгілері 11 қарашада байқалған. Екі күннен кейін одан коронавирустың жеңіл түрі диагнозы расталған. 19 қарашада оның ауруы асқынып кеткен.
Қалған екі пациенттің де ауруы асқынып қайтыс болды. Қайтыс болғандардың барлығы – 80 жастан асқандар. Олардың үшеуінде де созылмалы аурулары болған.
Қытайдың құрлықтағы аумағында осыған дейін коронавирустан болған өлім жағдайы 26 мамырда тіркелген еді.
ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің мәліметінше, 20 қарашадағы жағдай бойынша Қытайдың құрлықтағы аумағында коронавирус жұқтырудың 27 мыңнан астам жағдайы анықталған.
Ауруға шалдыққандардың саны 29 мыңға жуықтады. Бұл осы жылдың сәуір айында Шанхайда күрделі эпидемиологиялық жағдай байқалған кезде тіркелген рекордтық жоғары көрсеткіштерге жақындап қалды.
Бір тәулік ішінде Бейжіңде COVID-19 жұқтырудың 1,4 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді, оның 800-ге жуығы ел астанасындағы Чаоян ауданынан тіркелді. Пандемия басталғалы бері материктік Қытайда 288,5 мыңға жуық адамнан коронавирус расталған, оның 5229-ы көз жұмды.

Фото: news.cn

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале