22.11.2022, 23:59
Оқылды: 39

Сырымдық «Ақ ниет» әжелер ансамблі облыстық байқауға қатысты

Сырым ауданындағы халықтық «Ақ ниет» әжелер ансамблі Тасқала ауданындағы мәдени-демалыс орталығы жанынан Айсұлу Елжанованың жетекшілігімен құрылған халықтық «Ақ тілеу» әжелер ансамблінің 35 жылдығына арналған «Ақ жаулығым – тұмарым» облыстық байқауына қатысты.

82440365-3337-403A-B111-884F20AD9D97

Ауданның ажарына, сахнаның сәніне айналған әжелер алқасына 22 жылдан күні бүгінге дейін жетекшілік еткен Гүлзағира Сарғозиева өмірінің соңғы күніне дейін ансамбльге қызмет етті. Осы сапарға дайындалып жүр еді. Алайда, 82 жасында дүние салды.

Гүлзағира әженің аманатын орындап, құрбылары Тасқаладағы байқауға баруды шешті. Сарғозиев Серік баянымен сүйемелдеп, Тасқұдық ауылының мәдениет қызметкері Ажғалиева Ақерке қыл қобыздың үніне тербетіп, Мариям Сарсенғалиева, Гүлсара Шайдуллиева, Батиха Төлегенова, Тойдық Отарова, Надя НурабалиеваГүлжиян Әділбаева секілді апаларымыздың қатарын Оралдағы Ақлима Зинуллина және Гүлнар Көлбаева сияқты аналар толықтырып, керемет өнер көрсетіп, Тасқала сахнасын тамашаға бөледі. Халықтық «Ақ ниет» әжелер ансамблі «Әжелер сөзі – тәрбие көзі» аталымымен марапатталды.

Ән салып қоймай, сырымдық әжелер Тасқала ауданында қолөнер бұйымдарының көрмесін өткізіп, шеберліктерін де дәлелдеді.

Әжелер мектебі, олардың өнегесі – бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін табылмас тәрбие құралы.

Гүлсара Зинуллина,

Сырым аудандық мәдени демалыс орталығының мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру бөлімі маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале