23.11.2022, 12:30
Оқылды: 41

Қазақстанда «Еуразия» кинофестивалі өтеді

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов «Еуразия» кинофестивалін өткізу үшін төрт ай бойы ашық конкурс өткенін айтты. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында жазылған.

madeniet

Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтынан

-Қазақстанда «Еуразия»кинофестивалі 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл – ТМД және Орталық Азия елдеріндегі ең ірі кинофестивальдердің бірі және кино әлеміндегі маңызды әрі ауқымды жоба. «Еуразия» кинофестивалі Federation Internationale des Associations de Producteurs de Films (FIAPF) аккредитациясына ие.

Биыл мамыр және қыркүйек аралығында мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Еуразия» халықаралық кинофестивалін ұйымдастыруға және өткізуге ашық конкурс жарияланды. Барлық тиісті рәсім Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізілді. Қазіргі уақытта кинофестивальді өткізуге FIAPF ұйымының аккредитациясына ие компаниямен келісімшарт жасалды.

Желтоқсан айында барлық талаптарды сақтай отырып, елімізде «Еуразия» кинофестивалі өтеді», – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

zhaikress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале