24.11.2022, 9:46
Оқылды: 58

Ділмардан – шешен, шешеннен – көсем...

Батыстағы Орал қайда, Шығыстағы Семей қайда! Машинамен шықсаң – 2663 шақырым, пойызбен шықсаң 2674 шақырым дейді, ай! Айшылық болмағанмен, апталық жол екен, бару-келуі. Осындай ұзақ жол жүріп, Абай туған, Абай өскен, Абай өлең жазып, домбыра шертіп,  ән салған, дос-құрбыларымен алтыбақан тепкен қасиетті Шыңғыстаудың етегіндегі елге арнайы барып келген топтың әңгімесін өз ауыздарынан тыңдау үшін Абай  гимназиясына бара қалдым. Екі шәкірт,  екі ұстаз. Келгендеріне апта өтсе де, алған әсерлерінен әлі арыла қоймаған.

IMG-20221124-WA0001

Оқырман үшін сәл шегініс: әңгіме Теректі ауданы, Подстепный ауылындағы бұрынғы «Үміт» лингвистикалық гимназиясы бүгінде «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Абай атындағы мектеп-гимназия-интернаты» деген атау алған. Оған себеп 2020 жылы,  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығында  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге барады. Сол сапарда еліміздің түкпір-түкпірінде ашылған Абай мектептерінің басын біріктіріп,  Назарбаев мектептерінің дәрежесіндей дәрежеге көтеру,  нығайту  идеясын айтады ол кісі.  Осы идея негізінде әр облыстан бірбір Абай мектебі таңдалып алынып, «Абай мектептері» желісі құрылады.  «Үміт»  гимназиясының аяқ астынан Абай мектебіне айналып шыға келуі осы науқанның екпінінен болатын... Түбі қайыр, есесіне, аудандық гимназияға бұрын «аудан шеңберінде тұрғандықтан ережеге сай келмейсіңдер» деп берілмей жүрген «облыстық» және «арнайы мамандандырылған» деген статус «сақ етті!» Енді, міне, ұлттық мұраны ұлықтау мақсатында желілік Абай мектептері арасында Абай облысы, Абай ауданы Қарауыл ауылында өткен І республикалық «Іші - алтын, сырты – күміс сөз жақсысы» шешендік өнер байқауына қатысып, 1 орын алып келген Әмірхан Хайдаров, оның жетекшісі Әлия Сәлімқызы Хасанова,  ІІ орын иеленген Рамина Айтақова, жетекшісі Кәмшат Темір­ханқызы Утупова,  ұжым басшысы Нұрбөбек Есболқызы Кереева болып әңгімелесіп отырмыз.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №139 (24.11.2022)санынан оқи аласыздар!

Дариға Мұштанова,

«Үзіліс» арнайы бетінің қоғамдық редакторы,

«Парасат» орденінің иегері,

Ы.Алтынсарин белгісінің иегері,

ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері,

ҚР Мәдениет саласының үздігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале