Алматыда білім берудегі жаңа технологиялар жайлы EdCrunch Reload конференциясының ашылу салтанаты өтті, деп жазады ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі.
Жиында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек спикер ретінде сөз сөйледі.
Өз сөзінде министр Саясат Нұрбек жаһандық білім беру жүйесінің даму бағыты, сын-қатерлер мен мәселелері және қазақстандық білім беру жүйесінің қалай бейімделуі керектігі туралы айтты.
- Қазір бүкіл әлемнің білім беру жүйелерінде кездесетін бірнеше мегатрендтер айқын қалыптасты. Біріншіден, болашақ қызметкерге қойылатын талаптар өзгеруде. Бүгінгі күннің идеалды қызметкері – бірнеше саланы игерген шығармашылық және икемді маман. Екіншіден, оқу сипаты өзгереді. Бүгінгі таңда дәрістер, семинарлар, студент толы аудиториялар тиімді цифрлық шешімдермен алмастырылуда. Үшіншіден, университеттердің мәртебесі мен рөлі өзгеруде, – деп атап өтті министр.
zhaikpress.kz