24.11.2022, 18:29
Оқылды: 52

Бәйтеректегі инвестжобалармен танысты

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. 

IMG-20221124-WA0147

Аталмыш ауылдық округтің орталығы – Үлкен Шаған ауылындағы мәдениет үйінде өткен кездесудің алдында өңір басшысы ауданда жүзеге асырылатын инвестжобалармен танысты.

Солардың бірі - газ-поршеньді электр станциясы бар қазіргі заманғы құю өндірісінің құрылысы. Құны 47,5 млрд.теңгені құрайтын өндіріс орнын «Казармапром» ЖШС Белес ауылдық округі аумағынан салмақшы. Қазір оған 50 га жер учаскесі бөлінді. Аталмыш серіктестіктің бас директоры орынбасары Артур Латыпов айтып өткендей, мұнда құрыш құймалар, машина жасау өндірісіне қажет шойын және арнайы қорытпалар (сплав) шығарылу жоспарлануда. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжатама  сараптамадан өтуде. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың І тоқсанында бастау жоспарланған. Пайдалануға беру мерзімі - 2024 жыл. 200 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

IMG-20221124-WA0148

Сұйық метанол өндіру бойынша газхимия кешені де Белесте бойкөтермек. Бәйтерек ауданы әкімі міндетін атқарушы Мұрат Бәйменов атап өткендей, "Zhaik Petroleum LTD" ЖШС-мен салынатын зауыт жылына 130 мың тонна А класына жататын метанол өндірмекші. Тартылатын инвестиция сомасы 56,4 млн теңгені құрамақшы. 100 жаңа жұмыс орны ашылатын кешенді пайдалануға беру мерзімі 2024 жылдың соңы деп күтілуде.

Сәкен Әбілхалықов,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале