24.11.2022, 22:27
Оқылды: 52

"Өнер барысы": Белдік Сырым елінде қалды

Бүгін Сырым ауданында қазақ күресінен мәдениет және өнер қызметкерлері арасында "Өнер барысы– 2022" облыстық турнирі өтті.

IMG-20221124-WA0061

Түске дейін балуандар үшін салмақ өлшеу, тіркелу, фотосессия рәсімдері болды. Жарыс алды қатысушылар баспасөз мәслихатына қатысты.

Салтанатты ашылу шарасына Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев қатысты.

Өңірдегі өнер жұлдыздары сахнада емес, бозкілемде кездесуі - өздері үшін қызық, көрермендер үшін жаңалық. Бірақ, әнші, ақын, биші, актерлер кәсіби белдесу шеберлері сияқты күрес көрсетіп, көрермен көңілін тойдырды.

Командалық түрде өткен жарыста балуандар "қабырғаға" қарсы "қабырға" қойды.

Жарыс қорытындысы бойынша Бөрлі ауданының құрамасы ІІІ, Жаңақала ауданының жігіттері ІІ орынға ие болды. Ал, "Өнер барысы" деген атақ пен алтын белдікті Сырым ауданының батырлары елге алып қалды.

IMG-20221124-WA0066

Айта кетейік, күрес жарысында біздің ауданның намысын әншілер - Ринат Шайхиев, Нұрлыбек Байниязов, Мейірбек Қанатов, әнші-термеші Сәлімжан Әубәкіров және аса ауыр салмақта мәдениет қызметкері Ринат Мұхамбет қорғады.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале