25.11.2022, 10:45
Оқылды: 176

Жаңа форматтағы «Кітапхана түні»

24 қараша күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Кітапхана түні» атты әдеби-сазды кеш өтті.

IMG_5299

«Парасат» ақпараттық білім беру орталығында өткен іс-шара бірнеше бөлімнен құралып, қатысқан қонақтар мен жастар түрлі көріністердің куәсі болды. «Ақындармен қызықты кездесулер» айдарына жас ақындар Талғат Мықи мен Әділ Ахметов қатысты. Қос талантпен еркін форматта қызықты сұқбат болды және ақындар ән айтып, өлең оқып, әдемі кештің көрігін қыздырды. Университетіміздің ардагер ұстазы, ғалым, ақын Болатқали Төлебаев та кештің мейманы болып, студент-жастарға өз шығармашылығынан өлеңдер оқып берді.

«Кітапхана түнінің» келесі қонағы – қаламыздағы танымал ісмер, блогер Гүлшат Молдағалиева қолөнерге икемі бар қыздарға шеберлік сағатын өткізіп, қызығушылықтарын арттырды.

IMG_5349

Сонымен қатар іс-шара барысында «Кітаптар көрмесі», «Парасат қымызханасы», «BookCrossing», «Biblio-дартс», «Biblio-лото», «Ашық микрофон», «Шеберлік сағаттары», «Үстел ойындары», «Зияткерлік ойындар» сынды айдарлар аясында қызықты ойындар, шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, қонақтар түрлі көрмелерді тамашалады.

– Бұл – әлеуметтік-мәдени іс-шара. Басты мақсатымыз – өз жұмысымыздың уақыты мен форматын кеңейтіп, кітап оқуды насихаттаудың жаңа жолдарын іздестіру, білім алушылардың мәдени демалысын жаңаша әдіс-тәсілмен ұйымдастыру. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды дәстүрге айналдыру жоспарымызда бар, – деді «Парасат» ақпараттық білім беру орталығының директоры Айгүл Есенаманова.

«Парасат» орталығына «Кітапхана түні – 2022» әдеби-сазды іс-шарасын ұйымдастыруға жастар бастамасын дамыту орталығы, студенттік өзін-өзі басқару ұйымы қолдау көрсетті.

БҚАТУ медиа орталығы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале