26.11.2022, 0:16
Оқылды: 77

Қаржы министрінің алғыс хатын алды

Сырымдықтарға Сания Жұбанғалиеваның есімі жақсы таныс. Ол аудандағы әртүрлі мекемелерде қаржы, есеп саласында 40 жылға жуық қол үзбей қызмет етіп жүрген жандардың бірі де бірегейі.
image-26-11-22-12-01-1
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев аудан әкімдігіндегі қаржы бөлімінің ұжымын қабылдады.
Ондағы мақсат, аталмыш бөлімнің бас маманы Сания Сәтбайқызына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің алғыс хатын табыстау.
image-26-11-22-12-01
"Ұлттық валюта - теңге күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы қаржы саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен мінсіз қызметі үшін Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджеттің орындалуына бақылау жасау, бухгалтерлік есеп және коммуналдық мүлік секторының бас маманы Сания Сатбаевна Жұбанғалиеваға алғыс жарияланады", - делінген хатта.
Артур Мұратұлы Астанадан жеткен алғысты Сания Жұбанғалиеваға табыстап, жұмысына сәттілік тіледі.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале