Шымкент қаласында спорттық гимнастикадан жастар арасындағы ел чемпионаты өтті.
Аталмыш сайыста өңір спортшылары да тым тәуір нәтижеге қол жеткізді. 2010 жылы туған балғын гимнастшылар бәсекесінде бақ сынаған Анжелика Нұрпейісова ел чемпионатында жеңіске жетіп, спорт шеберлігіне үміткер атанды.
Осы жастағы тағы бір спортшы – Арина Синкевич қола жүлде еншілеп, І разрядты спортшы атағына қол жеткізді.
Ал 2011 жылғы гимнастшылар арасында Салтанат Айшева күміспен күптеліп, ІІ разрядты спортшы атанды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz