Батыс Қазақстан облысында білім беру нысандарының «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясындағы құрылысы жөніндегі кеңес өтуде.
Кеңесте білім саласындағы құрылыс мәселелері қаралуда.
Жиында облыс әкімі Ғали Есқалиев Ұлттық жобаның маңыздылығына тоқталды.
– Білім беру жүйесі адами капиталды дамытудың басты басымдықтарының бірі болып табылады.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ел. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында орта білімнің сапасы табысты ұлт болудың маңызды шарты екендігін атап өтіп, «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасының қолға алынатынын айтты.
Бұл жоба аясында 2025 жылға дейін оқушы орын тапшылығы, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі жойылып, елімізде жаңа құрылыс стандарты бойынша 840 мың орынды мектеп салу көзделген.
Осы жоба шеңберінде облыста 18 мектептің құрылысы жоспарлануда, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.
Басқосуда облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева өңірдегі білім мекемелерінің жай-күйі туралы баяндама жасауда.
Динара Тілекқызы,
zhaikpress.kz