ҚР Президенті сайлауында теректіліктер де белсенді жұмыс атқарды. Осы орайда аудан әкімі Тілек Габдушев жалпақ жұртшылыққа ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан аудан әкімі аппараты ұйымдастыру және бақылау жұмыстары бөлімінің бас инспекторы Айбек Гайнуллин мен Долин ауылдық № 377 сайлау учаскесінің төрайымы Илан Тналиеваға алғысхат табыстады.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы