1.12.2022, 15:15
Оқылды: 65

АИТВ жұқтырған адамдардың орташа жасы қандай

Елордадағы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы АИТВ жұқтырған адамның портретін сипаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221201162210534e

«Бастапқыда АИТВ-мен ауыратындар – есірткі заттарын қолданатындар, дәстүрлі емес жыныстық бағдарды ұстанатын немесе секс-индустрия қызметкері сынды нақты топтар болса, қазір кез келген адам бұл вирусты жұқтыруы мүмкін. Сондықтан, оларды қандай да бір шеңберге сала алмаймыз, өйткені 20 жасар науқастар санаты да бар. Жыныстық өмір басталған кезде инфекция жұқтыру да басталады. Диагноз туралы білгенде көпшілігінің эмоциясы бірдей болады: қорқыныш пен шок байқалады. Науқасты анықтағанда олармен біздің психологтар, жұқпалы аурулар дәрігері, әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Қазір науқастар бұл вирусты сабырмен қабылдайды», - деді «Жизнь вопреки» қоғамдық ұйымының жетекшісі Айна Мұқышева.

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Сәбит Әбдірайымов вирус жұқтырғандардың орташа жасы 20-30 жас екенін айтты. Бұл жалпы науқастар санының кем дегенде 54%-ын құрайды.

«Мәселен, адам қалыпты өмірін сүріп жүргенде, біз оны шақырып алып, АИТВ инфекциясы анықталғанын айтамыз. Бір күні егде жастағы ғалымға АИТВ жұқтырғанын айтуға тура келді. Оның АҚШ-та жобалары болған еді. Ол бірден шу шығарды. 20 күннен кейін ол Америкаға барып, тексеруден өткенде диагнозы расталды. Тіпті елге оралғанда, бізге келіп, кешірім сұрады. Біздің диагностика мен емдеу халықаралық стандарттарға сай келеді. Тіпті отбасында да жұбайының АИТВ-мен ауыратынын білмейтін сәттер бар», - дейді Сәбит Әбдірайымов.

Айта кетейік, жыл сайын 1 желтоқсанда әлемдік қауымдастық, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтер АИТВ/ЖИТС қарсы күрес күнін өткізеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале