2.12.2022, 12:45
Оқылды: 18

Өз денсаулығыңызға жауапты болыңыз!

Скрининг – бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатысында анықтау және дер кезінде емдеу, асқынулардың дамуының алдын алу мақсатында  белгілі бір жастағы сау адамдарды профилактикалық-медициналық тексеруден өткізу. 

200110222120158e

Фото дереккөзі: inform.kz 

Алдын алу, ерте диагноз қою, скрининг және емдеу қатерлі ісікпен сәтті күресудің негізгі компоненттері екенін түсіну керек. Қатерлі ісікті ерте анықтау өмірді құтқарады, емдеу шығындарын азайтады және пациенттердің өмір сүру сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында медициналық скрининг ақысыз түрде жүргізіледі. Скрининг жүргізудің басты мақсаты – қоғамдық денсаулықты сақтау. Скринингтен өту әрбір азаматтың міндеті болып табылады. Көңіл-күйіңізге, денсаулығыңызға ешқандай шағым болмаса да, скринингтен міндетті түрде өту қажет. Профилактика – сіздің денсаулығыңызды қорғаудың маңызды әдістерінің бірі. Бүкіл әлемдегі медицина қазір дәрігерлердің, мемлекеттің ғана емес,  азаматтардың өздерінің де денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті көтеруге шақырады. Сондықтан жасына қарай жасалынатын тексерулерді өткізіп алуға болмайды. 2022 жылдын 1 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау ұйымының №65 бұйрығы бойынша 2022 жылдын шілде айынан бастап ауыл тұрғындары үшін скрининг нысаналы 4 топ бойынша жүргізіледі: «Жастар» 18-29 жас аралығы, «Еңбек-1» 30-44 жас аралығы,«Еңбек-2» 45-65 жас аралығы және  «Зейнеткер» 66 жас және одан жоғары. Айта кету керек, бұған дейін жастар 30-70 жас аралығында басталған скринингтік зерттеулермен қамтылмаған еді,қазіргі КРДС ұйымының бұйрығы бойынша 18- 29 жас аралығы қосылды. Яғни жүрек  қан-тамыр жүйесі,қант диабеті, созылмалы асқазан және бүйрек аурулары, онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау. Әрбір емханада скринингтік кабинеттер құрылған, онда дәрігер өмір салты мен тамақтану рационы, зиянды әдеттердің, тұқым қуалайтын аурулардың болуы туралы сұрақтар қояды, бойын, салмағын, қан қысымын өлшейді, қандағы қант пен холестерин деңгейін тексереді. Содан кейін қажет болған жағдайда пациент қосымша тексеруге немесе бейінді маманның кеңесіне жіберіледі. Жүргізілетін іс-шаралар тізбесі скринингтік зерттеу түріне байланысты болады.Пациент емханаға келерде ашқарынға ЖҚА,БХ (жалпы билирубин,АЛаТ,АСаТ),ЖЗА тапсыруға дайындалып келу керек.Қорытынды кезеңде толық тексеруді және зерттеу нәтижесінде анықталған патологиясы бар пациенттер динамикалық бақылауға алынады. Скрининг қорытындысы медициналық ақпараттық жүйеге енгізіліп, науқасқа толық тексеру және бақылау кеңестер айтылады. Тексеру кезінде анықталған созылмалы аурулары бар адамдар есепке алынады. Ал жіті аурулар анықталса, науқастарға тексеру жүргізіледі.Толығымен емделіп шыққанша олардың денсаулығы қадағаланып, тиісті ем тағайындалады. Дені саудың – жаны саудемекші, барлық ауыл-тұрғындарын «Тасқала Аудандық Ауруханасына» скрининг өтуге шақырамыз. Скринингті тіркелген мекен-жайы бойынша емханалар жүзеге асырады. Өз денсаулығыңызға жауапты болыңыз!

 

М.Оразбаев,

Тасқала аудандық аурухана бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале