2.12.2022, 16:45
Оқылды: 248

Елімізде 900 мың теңгеден жоғары жалақыны жалпы қызметкерлердің 1,7%-ы ғана алады

Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметке сүйенсек, орта білімі бар қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 182 563 теңгеге, жоғары білімділердің орташа айлық жалақысы 337 222 теңгеге, ал жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлардікі 433 043 теңгеге тең, деп хабарлайды Zakon.kz.

50f39bd71ff04489a18769d6e60b7d54

Ұлттық статистика бюросы 2022 жылдың сәуірінде қызметкерлердің есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлінісінің жыл сайынғы зерттеу нәтижесін жариялады.

Зерттеу қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2022 жылғы сәуірінде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 2 976,1 мың адам болды, оның ішінде ерлер – 47% (1 398,7 мың адам), әйелдер – 53% (1 577,4 мың адам).

Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының медианалық мәні – 204 149 теңге.

Қызметкерлердің жасына қарай бөлінісінде 16 жастан 24 жасқа дейінгі орташа айлық жалақы 196 220 теңге, 25 жастан 28 жасқа дейін 236 522 теңге, 29 жастан 34 жасқа дейін 273 577  теңге, 35 жастан 44 жасқа дейін 295 820 теңге, 45 жастан 54 жасқа дейін 273 838 теңге 55 жастан 64 жасқа дейін 258 724 теңге, 65-тен жоғарыларда  256 947 теңге.

Статистердің мәліметінше, 2021 жылмен салыстырғанда орта есеппен басшылардың жалақы деңгейі 24,5% өсті, өнеркәсіп, құрылыс, көлік сияқты басқа да ұқсас қызметтердегі жұмысшылардікі – 28,9%, ал біліктілігі жоқ жұмысшылардікі – 26,4%.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қызметкерлердің жалпы санынан 60 000 теңгеге дейінгі орташа айлық жалақыны жұмысшылардың – 1,4%-ы, 60 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін – 17,5%-ы, 105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін – 32,6%-ы, 210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін – 19,8%, 300 000 теңгеден 420 000 теңгеге дейін – 14,4%, 420 000 теңгеден 600 000 теңгеге дейін – 8,4%-ы, 600 000 теңгеден 750 000 теңгеге дейін – 2,5%-ы, 750 000 теңгеден 900 000 теңгеге дейін – 1,7%, 900 000 теңгеден жоғары қызметкерлердің 1,7% алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале