5.12.2022, 9:15
Оқылды: 13

Сот жүйесіндегі ІТ-технология

Бүгінде еліміздің сот жүйесіне енгізілген ақпараттық технологиялар соттардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, халықпен кері байланыс орнатуда, қызметтің сапасын арттыруда үлкен септігін тигізіп отыр. Электронды сот төрелігі тұрғындардың сенімін, ақпараттың қолжетімділігін,ашықтығын және жариялылығын  қамтамасыз етуде.

онл

Қазір сот тәжірибесінде ІТ-технологиямен ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктері көбірек қолданылады. Себебі ол сот төрелігін жүргізу үрдісін (процесін) жеңілдетіп, оңтайландырады және аутоматтандырады. Ең бастысы, халыққа қолжетімді. Республикадағы барлық сотта «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті», СМС-хабарлама сервистері, талдау форумы, соттар арасындағы байланыс орталығы бар. Дыбыс-бейнежазба құрылғысымен жабдықталған бейнеконференция өтеді.

«Сот кабинеті» – электрондық-ақпараттық сервистің қызметі, яғни соттағы жүйелі ақпарат берудің кеңейтілген тәсілі. «Сот кабинеті» арқылы сотқа талап-арыз беруге, сот отырысының хаттамасына ескерту жасауға, өтініш, арыз, шағым және электрондық өтінімдерді әзірлеу және ұсыну, мемлекеттік баж салығын онлайн төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігі сияқты әрекеттерді жасауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «Сот кабинеті» сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізілді. Халыққа ыңғайлы болу үшін және бірыңғай стандартқа көшу мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді. Енді Egov mobile мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы авторизациядан өтеді және құжаттарға қол қояды. Енгізілген жаңашылдық сервистің жұмысын айтарлықтай жеңілдетті. Атап айтқанда, eGov mobile арқылы ЭЦҚ алу, компьютерде ЭЦҚ керек емес (тұрақсыз NCALayer арқылы қол қою мәселесі шешілуде), мобильді гаджеттердің қосымша параметрлерінің де қажеттілігі жоқ.

Электронды цифрлық қолтаңбасы бар кез келген азамат үйден шықпай-ақ «Сот кабинеті» арқылы сотқа талап-арыз беріп, кейін оның қаралу барысын бақылай алады. Сот жұмысын онлайн сипатта да қарауға болады. Сот отырыстары WhatsАpp, TrueCont, Zoom мобильдік қосымшаларының көмегімен де өтеді. Цифрландырудың нәтижесінде сот жүйесінің жұмысы біріздендіріліп, азаматтардың уақытын үнемдеуге  мүмкіндік туып отыр.

Анаргүл Ахонова,

облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының бас маманы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале