Мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері Сырым аудданына қарасты Алғабас ауылдық округіндегі мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарына бақылау жасады. Аталмыш жобаның мердігері – “ГрадСтройСервис” ЖШС.
Сырым аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиеваның сөзіне сүйенсек, 2 жылға жоспарланған жобаның қазіргі таңда 50% жұмысы атқарылған.
Шынар Сайлауқызы мердігерге сапалы жұмыс атқаруды тапсырып, алдағы уақытта да аталған құрылыс жұмыстарына бақылау жүргізілетіндігін айтты.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz