6.12.2022, 13:00
Оқылды: 27

Вице-министр ауылшаруашылық нысандарын аралады

Кеше өңірге жұмыс сапарымен ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев келген еді. Бүгін ол ауыл шаруашылығы саласының бірқатар кәсіпорындарында болып, көкөніс қоймалары мен жылыжайлардың жұмысымен танысты.

WhatsApp Image 2022-12-06 at 13.33.23

Алдымен Бәйтерек ауданында орналасқан «Жаңа Әлем» шаруа қожалығының көкөніс қоймасына барды. Шаруа қожалығының басшысы - Анатолий Кан.

- Өз өндірісімізбен өңір өндірісін қолдаймыз. Өнім тапшы емес, бірақ сұранысқа ие. Біздің нарықтағы сөрелерде қол жетімді баға болуы үшін жұмыс істейміз. Жоспарлар көп. Бірақ біз бірінші кезекте сапаға назар аударамыз. Сәуір айына дейін біз өнімді осы көкөніс қоймасында сақтауды жоспарлап отырмыз, содан кейін көкөністерді оңтүстік өңірлерден әкелуді жоспарлаудамыз,- деді  Анатолий Кан.

WhatsApp Image 2022-12-06 at 13.29.49 (2)

ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев бұдан бөлек «Орал Агро» ЖК-ға және «World Green Company» ЖШС-ға барды.

WhatsApp Image 2022-12-06 at 13.29.49

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале