7.12.2022, 10:46
Оқылды: 25

Ел азаматына халқы риза

Жуырда бірлігі жарасқан Казталов ауданына қарасты Көктерек ауылдық округінен жағымды жаңалық естідік. Сатыбалды ауылының азаматы, ел жанашыры, «Райымбек» шаруа қожалығының жетекшісі Руслан Сарбаев ағамыз халқына қайырымдылық көрсетіп, көктеректік көпбалалы 10 отбасыға он бас қой тарту етті.

IMG-20221207-WA0022

Қай уақытта да игі бастамаларға қолдау білдіріп, халықтың ризашылығына бөленіп жүр. Оның ізгі істерін ел сөз етіп, дәріптеп жүргендігін Көктерек ауылдық округінің әкімі Бақытжан Есенғалиев та атап өтті.

IMG-20221207-WA0020

– Елге істеген жақсылық еш кетпес. Округте халықтың қамын ойлап, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып жүрген кәсіпкерлер аз емес. Ал, Руслан Сарбаев ағамыз депутаттық мандатқа ие болған кезде де, одан кейін де қоғамдық өмірге белсене араласып, округтегі көп балалы отбасыларға материалдық тұрғыда қолдау көрсетіп келеді. Бұдан бөлек, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлесі зор. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген округ тұрғындары ағамыздың ізгі істерін келешек ұрпаққа дәріптеп, үлгі етіп жүр, - деді ол өз сөзінде.

IMG-20221207-WA0021

Руслан Самиғоллаұлының жарқын істері көпке үлгі. Оның жақсылықтарынан бүгінгі қоғам ой түйіп, жас ұрпақ тәлім алуы керек.

Асылбек Нәсіпқали, 

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале