7.12.2022, 16:16
Оқылды: 38

250+ бағдарламасы: Tele2 ұсынатын бес қадам

Қазақстанда ауылдарды цифрландыру қарқынды жүріп жатыр және оның алғашқы нәтижелері де бар.

24

Covid-19 пандемиясы Қазақстанның көптеген өнеркәсіптері үшін үлкен сынақ болды. Бұл байланыс қызметінің операторларын да айналып өтпеді: бизнес пен білім берудің қашықтағы форматқа көшуі, ең алдымен, ауылдық жерлерде қуатты жедел арттыруды қажет етті. Осы мақсатта мемлекет ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған стратегиялық бастаманың бір бөлігіне айналған "250+" әлеуметтік бағдарламасын жариялады. Оның басты мақсаты – қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты жою. Тіпті ең шалғай ауылдардың тұрғындары қашықтан жұмыс істеп, оқуға мүмкіндік алуына жағдай жасау. Tele2 ұялы байланыс операторлар арасында нарықта бірінші болып бұл бастамаларды жүзеге асырды. Мұның әсері қандай болғанын осы мақалада айтамыз.

Бірінші қадам: пайдалы тариф

Білім беру үдерістерінің маңыздылығын түсінген Tele2 жедел түрде "Туған жер" арнайы тарифін іске қосты. Ол "250+" бағдарламасы бойынша желіге қосылған абоненттерге арналған. Қымбат емес ақыға шағын ауылдардың тұрғындары мемлекеттік, білім беру және даму үшін маңызды басқа платформаларға шексіз қол жеткізуге, сондай-ақ олардың тұратын аймағындағы желі ішінде шексіз қоңырауларға ие болады. Tele2/Altel компаниясының өнімді әзірлеу жөніндегі директоры Рамиль Ямалтдиновтың айтуынша, "Туған жер" тарифін енгізу үшін оператордың техникалық қызметі 250+ станциялар тобын анықтауда орасан зор жұмыс атқарды. Осыдан кейін биллинг жүйесі деңгейінде "Туған жер" абоненттері үшін пакеттерді толтырудың ерекше шарттары енгізілді. Егер қолданушы өзінің үй аймағында болса, ол тарифтің бірегей ресурстарына және оны жұмсау шарттарына қол жеткізе алады. Осы тарифтің арқасында көптеген ауыл тұрғындары елдегі цифрлық қоғамдастықтың белсенді қатысушысы бола алды.

Екінші қадам: базалық станцияларды тұрғызу

Сонымен қатар, Tele2 "Қазақтелекомның" талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу аясында базалық станциялардың санын көбейтуде. Мұның барлығы ауыл тұрғындарына интернетке кең жолақты қолжетімділік береді. Өйткені, талшықты-оптикалық кабельді пайдаланған кезде ақпарат жоғары жылдамдықпен және сигнал сапасында іс жүзінде жоғалтпай ұзақ қашықтыққа беріледі. Бұл мүмкіндік ақпарат оптика арқылы жарық диапазонында сигнал түрінде, ал мыс кабель арқылы – кедергілерді "жинақтайтын" электрлік сигнал арқылы берілетіндіктен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде талшықты-оптикалық желілер деректерді берудің ең тиімді түрі болып саналады.

Үшінші қадам: тұрақты техникалық қызмет көрсету

Бір айта кетерлігі, "250+" бағдарламасы ауылға құрал-жабдық орнатумен бітпейді, өйткені абоненттер саны да, олардың пайдалана бастаған цифрлық қызметтері де артып келеді. Бірқатар өңірлерде мобильді трафик жыл өткен сайын 67%-ға артып келеді. Байланыс сапасын сақтау үшін Tele2 бір уақытта базалық станциялардың дұрыс жұмысын қамтамасыз ете отырып, қосымша жабдықты тұрақты түрде орнатады. Техникалық қызмет көрсетуге, тозған және істен шыққан құрамдас бөліктерді ауыстыруға жүйелі түрде инвестиция салу байланыс сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Төртінші қадам: басқа операторлармен ынтымақтастықта жұмыс жасау

"250+" бағдарламасы аясында алға қойылған мақсаттарға жету үшін барлық байланыс операторларының күш-жігерін біріктіру қажет болды. Сондықтан 2020 жылы Tele2 және Қазақстандағы ұялы байланыс операторларының басқа өкілдері желілерді бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қойды. Келісім жалпы саны 600 мың адам тұратын 1000-ға жуық ауылдың тұрғындары үшін барлық ұялы байланыс операторларының желісіне қол жеткізу мүмкіндігін қарастырды. Басқаша айтар болсақ, Tele2/Altel орнатқан базалық станция абоненттерге және басқа операторларға және керісінше қызмет көрсете алды. Ортақ үлгі операторларға ресурстарды үнемдеп қана қоймай, көптеген ауылдарда 250+ бағдарламасын жылдам енгізуге мүмкіндік берді.

Бесінші қадам: бизнесті қолдау

Tele2 компаниясы ауылдық елді мекендердегі интернет пен байланыс сапасын жақсарту үшін технологиялық бөлікті жетілдіріп қана қоймай, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау жобаларын жүзеге асырып келеді. Осылайша, "Дәмді ережелерге сәйкес" бағдарламасы ауылдық желі қолданушылары арасында үлкен қолдауға ие болды. Қазақтың ұмыт болып бара жатқан рецептерін жаңғыртып, олардың мәнін ашу мақсатында аспаздық жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Ол ауылдық кәсіпкер-блогерлерге шабыт сыйлап, өздерінің бизнесін дамытуға көмектесетін TikTok бейнелерін жасауға жол ашты. Tele2 еліміздің түкпірінен келген ең жарқын блогерлерге қолдау көрсетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале