8.12.2022, 11:15
Оқылды: 75

Қауымдастық өз жұмысын бастады

Жуырда Амангелді орта мектебінің жанынан әр жылдары аталмыш білім ордасын тәмамдаған мектеп түлектерінің басын біріктіретін қауымдастық құрылды. Қауымдастықтың мақсаты – барша түлектердің ынтымақтастығын күшейту, оқушылардың бос уақытын дамытудағы мүмкіндіктері үшін ерікті еңбек күштерін және басқа ресурстарды біріктіру, жоғарғы сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру, мектеп имиджін нығайту.

11

Қауымдастық арқылы мектеп бағдарламаларын дамытуға бюджеттік емес қаражатқа түлектерді тарту болатын. Бұл түлектердің ортақ қызығушылығы мен жоспарлы істерді жүзеге асыру мақсатында құрылған ерікті қоғамдық бірлестік және ол ақысыз негізде жұмыс істейді. Шара барысында түлектер қауымдастығының жылдық жұмыс жоспары құрылып, көшбасшысы сайланды. Жақында жоспарға сай «Аталар жолымен, ағалар ізімен» тақырыбында алғашқы кездесуі де ұйымдастырылды. Шараға  әр жылдары мектеп бітіріп, қазіргі таңда әр салада еңбек етіп жүрген мамандық иелері қатысып, өздерінің жеткен жетістіктері жайлы әңгімелеп берді.  Оқушылармен пікір алмасып, олардың мамандық таңдауда қателеспеу керектігін тілге тиек ете келіп, бағыт-бағдар берді.

Кездесуге  ардагер ұстаздар Т.Маширов, С.Ахмедиярова, В.Қойшығалиева және мектеп түлектері қауымдастығының көшбасшысы Ж.Бисенбаева мен мектеп директоры А.Габдуллина, сондай-ақ жас мамандар мен 9-11 сынып оқушылары қатысты. Шара қызықты тренингпен басталды. Оқушылар сұрақ-жауап айдарына белсене қатысып, өздеріне ұнаған мамандықтар бойынша сұрап білді. Одан әрі  жиналғандар әр топқа бөлініп, сұранысқа ие мамандар, жоғары білімі бар мамандарға қойылатын талаптар, мамандық таңдағанда жетістікке жету формуласы тақырыбында әңгіме өрбітті.

12

Алдағы уақытта қауымдастық мүшелері мектеп инфрақұрылымын дамыту үшін түлектердің арасынан демеушілер тарту, қауымдастық жұмысы туралы ақпараттарды мектеп сайтында және әлеуметтік желілерде орналастыру, ашық есік күндері мен кездесулер, тәрбиелік шаралар, "Туған жерге тағзым" акциясы мен «YouTube» арнасында түлектермен кездесу бағдарламасын ашу, « Jub jubimen» ән байқауын, спорттық жарыстар ұйымдастыруды қолға алмақ.

Олай болса жаңадан тұсауы кесілген қауымдастық мүшелерінің алдағы істеріне сәттілік тілейміз.

Б.Дарменова,

Тасқала ауданы

Амангелді орта мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале