8.12.2022, 15:15
Оқылды: 50

Вице-министр тұрғындарды қабылдауда

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев Бәйтерек ауданы тұрғындарын жеке қабылдауда.

WhatsApp Image 2022-12-08 at 15.15.21

Оның жеке қабылдауында болғандардың бірі - аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Жанар Губашева.
- Вице-министрге дін саласында жүрген теолог мамандардың мәртебесі туралы мәселені айттым. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықта екі теолог маман бар. Бірақ жалақылары мардымсыз. Оларға қызметтік үй де қарастырылмаған. Ешқандай мемлекеттік санатқа жатпайды. Әлеуметтік жағдайлары шешілмегендіктен ауданға мамандар тұрақтамайды, - дейді Жанар Губашева.

WhatsApp Image 2022-12-08 at 15.15.20
Ал вице-министр бұл сұрақ назарда болатынын және мәселе негізінен жергілікті бюджеттің есебінен шешілетінін айтты.

Динара Тілекқызы,
zhaikpress.kz

Суретке түсірген: Салим Мамбеталиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале