8.12.2022, 16:45
Оқылды: 51

Оралдық тәртіп сақшылары ер адамды ажалдан арашалап қалды

Желтоқсанның 5-і күні сағат 02:00-де Орал қ.ПБ кезекші бөліміне кішкентай қыз отбасында жанжал болып жатқанын айтып, полиция қызметкерлерінің көмекке келуін сұрайды.

61f8a58aec6b2193447260

Суреттің дереккөзі: Liter.kz

Оқиға орнына жедел түрде №4 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Исатаев Мирас, Орал қ. ПБ Патрульдік полиция батальоны қызметкері, полиция лейтенанты Меделхан Жанарыс, БҚО ПД Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы капитаны Нұрмұханов Ғаділбек аттанады.

Аталған мекенжайға келгенде үйдің ауласының сыртқы есіктері жабық тұрған. Тәртіп сақшылары дереу қақпадан секіріп кіреді. Үйдің іші-сыртын тексергенде ешкім көзге түсе қоймайды. Сөйтіп үйдің жанындағы ескі сарайды тінту кезінде асылып тұрған адамды байқап, дереу жіптен шешіп алып, алғашқы көмекті көрсетеді. Сәлден соң өмірін өлімге қимақ болған азамат есін жияды. Тәртіп сақшылары оның денсаулығын толық тексерту үшін дәрігерлерді шақырады. Енді 3 минутқа кешіккенде ер адамды аман алып қалу екіталай еді дейді мамандар.
Анықтай келе оның отбасылық жанжалдан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны белгілі болды.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале