Қазақстандық тұқым өндіруші компаниялар әлемдегі ең ірі «Wintersteiger AG» селекциялық техника өндірушісінен жабдықты тиімді шарттармен сатып ала алады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі сайтында жазады.
Бұл ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек пен компания басшысы доктор Флорестан фон Боксберг қол қойған ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында мүмкін болып отыр. Сондай-ақ тараптар мамандарды оқытуды, тұқым шаруашылығы саласындағы консультацияларды өткізудегі ықтимал ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Суреттер: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі сайтынан
Айта кетейік, қазақстандық делегация Мемлекет басшысының тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Австриядағы «Wintersteiger» зауытына барды. Компания өнімдерінің ассортиментіне селекциялық және тұқым шаруашылығы астық жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын комбайндар, селекциялық сепкіштер, сондай-ақ селекциялық процесті автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету кіреді. «Wintersteiger AG» әлемнің 130 еліндегі жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен және зертханаларымен тығыз жұмыс істейді.
Мұндай компаниялармен ынтымақтастық Қазақстанның тұқым шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды тетігі болады, тығыз коммерциялық байланыстарды дамыту, жеткізу көлемін ұлғайту және елде жоғары сапалы селекциялық-тұқым шаруашылығы техникасын пайдалану үшін негіз жасайды.