Ол 2000-2001 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.
2001-2008 жылдары Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында қызмет атқарады.
Сурет: ҚазАқпарат
2008-2010 жылдары — «Алаш Медиа Групп» ЖШС бас директорының орынбасары.
2010-2012 жылдары президент Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2013 жылдың 4 сәуірінен Орал қаласының әкімі.
2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі.
2019 жылдың 13 маусымнан бастап Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.