11.12.2022, 23:33
Оқылды: 47

Надежда Морозова Калгаридегі Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді

"Бүгін Надежда Морозова Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден Әлем Кубогының 3-кезеңінде 1500 метрде күміс жүлдегер атанды", - деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

QUEBEC CITY, CANADA - DECEMBER 03:  Nadezhda Morozova of Kazakhstan competes in the women's 1500m race during the ISU Four Continents Speed Skating Championships at Centre de Glaces on December 3, 2022 in Quebec City, Quebec, Canada.  (Photo by Minas Panagiotakis - International Skating Union via Getty Images)

Қазақстандық спортшы бұл қашықтықты 1:52.823 секундта жүгіріп өтті. Ал бәрінен жылдам бағындырған жапон Михи Такаги (1:52.549). Қола жүлде нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгке бұйырды. Осы сайыста бақ сынаған қазақстандық Екатерина Айдова 15-сатыға тұрақтады.

Кеше 1500 метрге (А дивизион) жарыста ерлер арасында Дмитрий Морозов 17-ші орыннан көрінсе, 500 метрлік сында (А дивизион) Екатерина Аидова 13-ші, Алина Дауранова 18-сатыға жайғасқан.

Ертең Әлем Кубогы кезеңінің соңғы күні спортшылар 1000 метр мен масс-стартта жарысады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале