12.12.2022, 21:08
Оқылды: 46

Субсидия алатын фермерлерге қосымша міндеттер жүктелмек

Ауыл шаруашылығы салалары бойынша мемлекеттік субсидия беруде қосымша міндеттер жүктеледі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

тенге

«Субсидияны тиімді ете түсудегі тағы бір жаңашылдық - қосымша міндеттер енгізу. Талаптарға келсек, субсидия алатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер ішкі нарық сұранысын есепке ала отырып баға тұрақтылығын сақтауы тиіс. Бұл мәселе бойынша қазір сауда және интеграция министрлігімен бірлескен жұмыс жүруде. Сонымен қатар жұмысшылардың жалақысын орташа деңгейден түсіруге жол бермеуді көздейміз. Сол сияқты 5 жылда бір рет инвестиция құю міндеті талап етілмек», - деді Ербол Қарашөкеев Мәжілісте өткен дөңгелек үстел барысында.

Сондай-ақ, министр ауыл шаруашылығы саласында инвестжобаларға жеңілдік болатынын айтты.

«Инвесторға қойылатын басты талап – жобаның нәтижелігі. Осы орайда біз инвестициялық жобаларға субсидияның 75 пайызын бірден бермекпіз. Қалған 25 пайызы жоба нәтиже әкелген соң өтеледі», - дейді ол.

Бұған дейін Ербол Қарашөкеев субсидиялау процесінің электронды форматқа көшетінін айтқан еді.

Аталған жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Асқарбек Үйсімбаев отандық сүт өндірісінің дамуына алаңдаушылық білдірді.

Оның айтуынша, Қазақстанда 3 млн тонна сүт өнімдерінің тапшылығы бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале