Казталов ауданының Көктерек және Жұлдыз ауылдары арасында түсірілген бейнетаспа әлеуметтік желіде тарады.
«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Батыс өңірлік филиалынан алынған мәліметке қарағанда, киіктер Көктерек ауылдық округіне қарасты Қаратай қыстағы тұсында Сарыөзеннен шыға алмай, қатып қалған.
Бұлардың біреуі – теке, жетеуі – аналығы, қалғаны – биылғы лақтар. «Киік өлекселері «Охотзоопром» мен «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты, Жалпақтал полиция бөлімі учаскелік инспекторлары, жергілікті әкімдік және аумақтық ветеринария қызметкерлерінің қатысуымен мұздан шығарылып, сол маң тазартылды», – деп хабарлады ведомстводан.
Елжан Ералы,
zhaikpress.kz