13.12.2022, 12:31
Оқылды: 52

МӘМС туралы өзекті сұрақтардың жауабы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден кім босатылды және МӘМС жүйесіндегі азаматтардың жеңілдік санатының мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, қайда жүгінуге болады деген өзекті сұрақтаға Қор филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова жауап берді.

13mamszharna1

– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына кім үшін мемлекет жарна төлейді?

– Әлеуметтік осал санат ретінде анықталған азаматтардың 15 жеңілдік санаты үшін. Бұлар:

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен аналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;

5) бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға байланысты, баласы (балалары) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар;

6) мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;

7) зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

8) сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;

9) тергеу изоляторларында отырғандар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;

14) балалық шақтан бірінші топ мүгедегі болып табылатын жарымжан тұлғаның күтіміне байланысты үйде отырған, жұмыссыздар;

15) мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыз азаматтар.

– Сіз азаматтардың әлеуметтік осал санатына жататындығыңыз туралы құжаттарды тапсыруыңыз қажет пе?

– Жоқ. Әлеуметтік мәртебе басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен Қордың ақпараттық жүйесіне беріледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебесі автоматты түрде беріледі.

– Егер сіз ресми түрде жұмыссыз болсаңыз, бірақ жұмыс тапсаңыз, мемлекет Сіз үшін ақы төлеуді жалғастыра ма?

Жоқ. Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз автоматты түрде жалдамалы қызметкерге ауысады және мемлекет сіз үшін аударымдар жасауды тоқтатады. Сондай-ақ, егер ол ЖК ашса немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлей бастаса, мемлекет ол адам үшін ақы төлеуді тоқтатады.

– Қандай жағдайларда студент сақтандырылмаған болуы мүмкін? 

– ЖОО студенттер туралы деректерді азаматтардың жеңілдікті санатына енгізу үшін   Білім және ғылым министрлігіне, содан кейін ақпараттық жүйелерді ӘМСҚ-ға интеграциялау арқылы береді. Егер студент тізімге енгізілмесе және МӘМС жүйесіндегі мәртебесі «сақтандырылмаған»болса, оның себебін анықтау үшін өз ЖОО-ның деканатына жүгінуі қажет.

– Егер сіз әлеуметтік осал санатқа жатсаңыз, бірақміндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса не істеу керек?

– Егер сіз 15 жеңілдік санатының біріне жатсаңыз, бірақ сіз МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, себебін анықтау үшін 1406 телефон нөмірі бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына жүгінуіңіз немесе өтінімді «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасына жолдауыңыз немесе өз өңіріңіздегі қордың филиалына жүгінуіңіз қажет. Әрбір жағдай себептері әртүрлі болғандықтан,  жеке қарастырылады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале