13.12.2022, 15:45
Оқылды: 72

Маңғыстаулық азамат үш баласын өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

11 желтоқсан күні сағат 19.45 шамасында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының полиция бөліміне асылып өлу белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5

Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барды. Онда өздігінен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталды.

«Тексеру барысында Б есімді азаматпен жіберілген аудиожазба белгілі болды. Ол жұбайы Д-ға өзіне қол жұмсайтынын және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан.

Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде орын алған және ерлі-зайыптылар ажырасқалы жатқан. Екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған», - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат тарату Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатындығын ескертеміз.

Осыған байланысты Полиция департаменті азаматтарды заңнаманы қатаң сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге, жалған хабарламалар таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале