14.12.2022, 10:15
Оқылды: 49

2023 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге болады

«Тарифті инвестицияға айырбастау» бастамасы аясында желілердің тозу көрсеткішін 2029 жылға қарай 20%-ке дейін төмендету жоспарланып отыр. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221214100554440e

«Тарифтік саясатты реформалау үшін «Тарифті инвестицияға айырбастау» бастамасы пысықталуда. Ол салаға жаңа инвестицияларды ынталандыру арқылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуды көздейді. Желілердің тозуының 20%-ке дейін төмендету көрсеткішіне 2029 жылға қарай қол жеткізу жоспарлануда.

Жаңа тарифтік саясаттың тәсілдеріне көшуді қамтамасыз ету тиісті жол картасы шеңберінде іске асырылатын болады.

Қазіргі уақытта коммуналдық желілерді жаңғырту мақсатында инвестициялар көлемін ұлғайту үшін табиғи монополиялар туралы заңнамаға өзгерістер әзірленуде», - деді бірінші вице-министр.

Сондай-ақ, ол Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы өзектендіріліп жатқанын еске салды.

«Биыл инфляцияның жоғары деңгейі халықтың табысына теріс әсерін тигізуде. Бұған қоса, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін өсіріледі..

Осы және де басқа өзгерістерді ескере отырып, алдағы уақытта Бағдарламаны өзектендіру үшін жаңа тәсілдер мемлекеттік органдармен пысықталуда», - деді Тиумр Жақсылықов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале