Келер жылдың қаңтарынан бастап темекі өнімдерінің бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің ашық талқыға шығарған бұйырығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото дереккөзі: azattyq.org
«Фильтрлі, фильтрсіз 20 сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 650 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағаcы белгіленсін.
Ең төменгі бөлшек сауда бағаларын ұлғайту «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасына сәйкес, логистикалық іркілістердің тәуекелдерін азайту мақсатында ұсынылады», - делінген құжатта.
Айта кетейік, бұған дейінгі тиісті бұйрықта келер жылдың басынан темекі бұйымдарының ең төменгі бағасы 630 теңге болатыны көрсетілген. Енді ұсынылып отырған өзгеріске сай, шекті құн 20 теңгеге қымбаттамақ.