14.12.2022, 18:51
Оқылды: 35

Төңкеріс ауылында қос мәселе шешімін табуда

Теректі ауданы Долин ауылдық округіне қарасты Төңкеріс ауылында 403 тұрғын бар. Осы ауылдың адамдары кіре беріс 12 шақырымдық жол мен ауыз су сапасының нашарлығына алаңдаулы. Бұл қос мәселе ақырындап шешімін табуда.

AE9A4BB3-DACE-4784-9B7F-394E2B729652

Мәселен биыл жолдың жөнделуіне аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Жобалық-сметалық кұжаттар дайындалып, қазіргі кезде сараптамадан өтуде. Сондай-ақ табалдырығымыздан аттағалы тұрған 2023 жылы республикалық бюджеттен ақша сұралмақ. Қаражат көзі шешілген жағдайда кіре беріс жолға жөндеу жұмыстары басталады.

Ал қазір ауыл тұрғындарының жүріп-тұруына қолайлы болу үшін​ мердігер «Достық-Теректа» ЖШС жол тегістеу жұмыстарын жүргізуде.

Екінші мәселе – ауыз су сапасыздығы, су қорының аз болуы еді. Биыл жаз айларында құбырға су қоймасынан берілетін су көлемін ұлғайту үшін «Жайықгидрология» ЖШС зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде қосымша шахталық 2 ұңғыма қазуға болатыны туралы қорытынды берді. Сөйтіп, екі шахталық ұңғыма қаздыру жұмыстары тәмәм. Келер жылы ауыл ішіне 1 420 метр ауыз су желісі мен қосымша су алу нүктесін орнату жоспарда бар.

Айшабибі Мәмет

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале