ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Еңбек кубогі - 2022» жұмысшы жастар арасында волейболдан турнир өтті.
Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған жарысқа 8 команда қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Бибігүл Ахметжанова жиналғандарды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға табыс тіледі.
Тартысты өткен жарыс нәтижесінде Переметный ауылдық округімен ешкім теңесе алған жоқ.
«Бәйтерек» спорт клубына 2-орын, янайкиндіктерге қола медаль бұйырды.
Переметныйлық Мақсат Айтқалиев «Үздік ойыншы», «Бәйтерек» спорт клубының өкілі Расул Төлеуов «Үздік байланыстырушы», атамекендік Қанат Ахметқалиев «Үздік қорғаушы», янайкиндік Талғат Ақылбек «Үздік шабуылшы» деп танылды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар, аталым иелері дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қуаныш Қали,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz