20.12.2022, 17:30
Оқылды: 48

Twitter-дің басшылығынан кетуім керек пе - Илон Масктің кезекті сауалнамасы

Белгілі америкалық кәсіпкер Илон Маск «Twitter-дің басшысы лаузымынан кетуім керек пе?» деген сауалнама бастады. Ол соның нәтижесіне сай шешім қабылдауға уәде етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8

«Мен Twitter-дің басшысы лауазымынан кетуім керек пе? Осы сауалнаманың нәтижесіне сәйкес шешім қабылдаймын», - деп жазды Илон Маск өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Ол бұл сауалнамаға дейін өз парақшасында тағы бір ақпарат жариялады. Онда кәсіпкер алдағы уақытта «Twitter» саясатына үлкен өзгерістер енгізу осындай сауалнамалардың қорытындысы негізінде іске асатынын жазды.

Еске сала кетейік, Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алды. Ол Twitter-дің директорлар кеңесін таратты.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк сенбіде Twitter-дің бас атқарушы директоры Илон Маскқа ашық хат жолдап, осы әлеуметтік медиа арнасын басқаруда адам құқықтарын басты орынға қоюға шақырды.

Илон Маск Американың бұрынғы президенті Дональд Трамптың осы әлеуметтік желідегі аккаунтын блоктан шығару-шығармау жөнінде сауалнама өткізіп, қорытындысы бойынша шешім шығарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале