20.12.2022, 15:31
Оқылды: 51

Енді Google дәрігерлердің жазуын түсінетін болады

Көбіне дәрігерлердің дәрі-дәрмек рецепттерін жазған қағазы басқаларға түсініксіз болып жатады. Бұл пациенттерге дәріханалардан қандай препаратты сатып алу керек екенін түсінуді қиындатады. Google бұл мәселені шешкісі келетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
1

19 желтоқсанда Үндістанда жыл сайын өтетін конференцияда IT алыбы дәрігерлердің жазуын түсіну жолдарын зерттеу үшін фармацевтермен жұмыс істейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Tech Crunch жазды.

Қазір қолданбаның прототипі бар. Бірақ ол бәріне пайдалануға дайын емес. Тек Google Lens көмегімен рецептті суретке түсіруге немесе оны фотогалереядан жүктеп алуға мүмкіндік береді. Қолданба суретті өңдегеннен кейін қажет дәрі-дәрмектерді анықтап, атын атайды.

Қолданба фармацевт сияқты адамдардың жұмысын толықтырып, қолмен жазылған медициналық құжаттарды цифрландыру үшін көмекші технология ретінде пайдаланылады. Дегенмен шешім тек осы технологиямен алынған нәтижелер негізінде қабылданбайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале