21.12.2022, 16:30
Оқылды: 62

Қазақстанда тұрғын үйді басқарудың жаңа түрі енгізіледі

Мәжіліс депутаттары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2

Мәжіліс отырысында депутат Екатерина Смышляева заң жобасы жергілікті атқарушы органдарға кондоминиум нысандарын тіркеу құқығын беретінін атап өтті. Басқару нысаны таңдалмаған жағдайда, әкімдіктер уақытша басқарушы компанияны тағайындай алады.

"16 пәтерге дейінгі шағын үйлер үшін басқарудың үшінші түрі – тікелей бірлескен басқару қарастырылсын. Мұндай үйлер "бір үй - бір есеп" қағидатын сақтай отырып, бірігіп, бір басқарушы қоя алады", - деді депутат.

Сонымен қатар, құрылыс салушыларға тіркелмеген пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, автотұрақтарды, қойма бөлмелерін жекеменшікке сатуға тыйым салынады, осылайша олар әлеуетті кондоминиум және ортақ меншік нысандарын өз бетімен иелене алмайды. Көпқабатты үйдегі автотұрақтың дизайны мен функционалдығын өзгертуге тыйым салынды.

Сондай-ақ, меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы атқару парағын орындау енді олардың жылжымайтын мүлкі орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале