Италия астанасы Рим қаласындағы Треви фонтанына туристер жыл сайын 1 миллион еуродан аса ақша тастайды. Kaz.tengritravel.kz порталы NBC телеарнасына сілтеме жасап бұл қаражат қайда жұмсалатыны туралы баяндайды.
XVIII ғасырда салынған Италияның ең ірі фонтанын қалалық әкімшілік қызметшілері ай сайын тазартады. Тазарту жұмыстары кейінгі он жылда айтарлықтай табыс алып келетін көрінеді. Туристерден қалған тиындар қайырымдылық шараларына жұмсалады екен.
1732-1762 жылдары аралығында салынған Трефи фонтаны "мәңгі қаланың" басты көрнекі орындарының бірі. Оны Николой Сальви салған. Танымал қалаға келген әрбір турист осы бір архитектура нысанын көруге асығады. Сосын фонтанға артымен қарап, оң қолымен сол иығы арқылы суға тиын лақтырады. Бұл салт 1954 жылы шыққан "Три монеты в фонтане" фильмінен кейін пайда болған және мұны істеген турист Римге қайта оралады-мыс.
Күн сайын Треви фонтанына шамамен 3 000 еуро түседі. Яғни жыл сайын 1,5 миллион еуроға дейін тасталады деген сөз.
Дубайда әлемдегі ең ірі субұрқақ ашылды
Туристерге фонтанға қолын не аяғын салуға тыйым салынады. Бұл үшін қомақты айыппұл салынуы мүмкін. Сол себепті субұрқақтан ақша алып кету идеясын ойыңыздан алып тастасаңыз да болады.
Қаражатты арнайы мамандар жинайды. Жылына бірнеше рет қалалық билік жұмысшы топты жібереді, олар судан түрлі тиындарды шығарады. Полиция олардың жұмысын бақылайды.
Сонау 2001 жылы туристік қаланың мэрі жиналған қаражат қайырымдылық ұйымдарына берілу керек деген шешім шығарған. Алайда сол кездері субұрқақтан тиын алып кеткісі келетіндер көп болған, сол себепті айыппұл салу туралы шешім шығарылған.
Бүгінде субұрқақтан жиналған қаражат римдік Caritas католиктік қайырымдылық ұйымына жіберіледі. Бұл олардың жылдың бюджетінің 15 пайызы екені айтылады. Компания Римде кедейлерге көмектесуге бағытталған жобаларды қаржыландырумен айналысады, олар: асханаларды, баспанасыз адамдар түнейтін мекемелерді, қарттар үйін, тегін супермаркеттерді және басқа жобаларды қаржыландырады.