22.12.2022, 11:00
Оқылды: 45

Дизель отыны неше күнге жетеді?

Кеше облыстағы дизель отынының қоры 3600 тоннаны құрады. Бұл жеті күнге жетеді. Осындай  жағдай облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Миржан Нұртазиевпен өткен брифингте мәлім болды.

image_l

Фото дереккөзі: Egemen.kz 

Мәселе Энергетика министрлігінің бақылауында. Қолдағы бар қорымыздан басқа, Атырау мұнай өңдеу зауытынан 1200 тоннадай дизель отыны (төрт күнге жететін қор) бір-екі күнде жеткізіледі. Зауыттан дизель отынын жеткізу кедергісіз жалғаса бермек. Облыс аумағындағы ірі жанармай құю бекеттерінде дизель отыны кедергісіз сатылып жатыр. Кейбір ұсақ бекеттерде (мысалға, «Меркурий», «Беркут», «Октан» және басқаларында) өздерінің келісімшарттарына сәйкес талонмен жіберілуде. Министрлікпен шекті баға бекітілген болатын. Оның қолданылу мерзімі 2023 жылдың шілдесіне дейін созылды. Дизель отыны қазақстандық азаматтарға  – 260,  алшетелдіктерге (транзиттік көліктерге) 450 теңгеден ұсынылуда. АИ-92 бензинінің литрі –  182, АИ-95 бензині 215 теңгеден аспайды.  Алдағы уақытта жанармай қоры толығатынына сенімдіміз,  – деді Миржан Жанғазыұлы.

Спикердің айтуынша, мұндай жағдай 7 желтоқсанда Атырау мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылуына байланысты қалыптасып отыр.

Бұл зауыт – облысқа жанармай жеткізушілердің бірі. Бүгінде атыраулық кәсіпорын жұмысына кірісті. Сондықтан алдағы уақытта жанармайға қатысты жағдай тұрақталады. Облыс тәулігіне  600-700 тонна дизель отынын тұтынады. Қысқы дизель отынының литрі  – 650 теңгеден, өйткені оған шекті баға қойылмайды. Ондай отын Қазақстанда өндірілмейді, Ресейден және басқа жақтардан тасымалданады. Өңірге жоспарға сай айына 3 мың тонна сұйытылған газ жеткізілуде.

Жанармайға мұндай жоспар қарастырылмаған. Жергілікті «Конденсат» зауытын шикізатпен қамтамасыз ету мәселесінің әлі түйіні тарқатылмаған. Маңызды мәселе орталық құрылымдардың қарауына ұсынылған құжаттардың тізімінде тұр.

 Гүлбаршын Дыбысқалиқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале