22.12.2022, 12:00
Оқылды: 126

Аудан әкімі пікірсайысшылармен кездесті

Бүгін аудан әкімі Төлеген Төреғалиев аудандық “SYRYM TÖBE” дебат орталығының мүшелерімен кездесті.

image-22-12-22-12-58-7

Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Гүлдана Шайхиева бүгінгі күнге дейін өткізіліп келе жатырған дебат қозғалысына қысқаша шолу жасап, пікірсайысты кең көлемде насихаттау бағытында жасалған, жасалатын жұмыстарға тоқталды.

1

Аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы жас ораторлар мен жетекшілерінің жеткен жетістіктерін ескеріп, аудан намысын асқақтатқан дебат турнирінде өзіндік ізін салып келе жатқан болашақ элитаға сәттілік тілеп, алғысхаттар табыс етті.

Гүлдана Науанқызының сөзіне сүйенсек, ауылдық жерде дебат үйірмесін жандандыру жұмысы бойынша Сырым аудандық білім беру бөлімінің бастамасымен 2017 жылы Бұлан мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің оқушыларына және 2018 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің  оқушыларына шығармашылық орталық жанынан “дебат” үйірмесі ашылып, жас маман Ләйлі Мақсотова жүргізген болатын. Сол жылы Ақжайық ауданында өткен алғашқы облыстық турнирде бұландық "Элита" фракциясы 1 орын иеленді.

Иә, Сырым ауданындағы пікірсайыстың «іргетасы» 2017 жылы қаланып, келешек ұрпақ үшін аса маңызды саналатын дебат қозғалысы бүгінде өз нәтижесін көрсетіп отыр.

2

Атап айтсақ, 2021 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің кураторы Назгүл  Мұстафиеваның «Пікірсайыс –  сөз додасы» авторлық бағдарламасы аудан көлемінде таратылып, үйірме жетекшілеріне берілді.

Ауданда жас пікірсайысшылардың жеткен жетістігі де аз емес. Солардың бірі Орал қаласында өткен «Үздік пікірсайысшы – 2022» оқушылардың облыстық пікірсайыс турниріне Ж.Досмұхамедов және Абай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінен құралған микс команда, орыс лигасына алғаш рет Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің командасы қатысып алғыс хат пен «Үздік спикер» аталымына лайық деп танылса,  ағымдағы жылдың қараша айында «Жаһанша пікірі» дебат клубының 2 фракциясы Ақтөбе пікірсайыс орталығының ұйымдастыруымен өткен аймақтық турнирде І, ІІ орындарды иеленген болатын.

“Ашық микрофон” алаңында “SYRYM TÖBE” дебат қозағылысының төрешілері мен шәкірттері көптің көкейінде жүрген “SYRYM TÖBE”  орталығының координаторлық орталығына қолайлы орын қарастыру, кәсіпкерлерден қолдау көрсетуге ықпал ету, жас дебатшылардың аудандық, облыстық турнирлерге қатысуына қолайлы жағдай жасау секілді түйткілді мәселелер қозғалды. Аталған мәселелер аудан әкімі тарапынан келешекте біртіндеп жүзеге аспақ.

Қазіргі уақытта 15 білім беру ұйымының 506 оқушы қамтылған дебат үйірмесінің жетекшілері дебат қозғалысына арналған облыстық, аудандық әлеуметтік желі топтарына қосылған.

3

Кездесу соңында ауданның болашақ элитасы аудан әкімімен естелік суретке түсті.

 

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале