26.12.2022, 17:45
Оқылды: 26

Еңбек министрінен 17 желтоқсандағы демалыс күнін қайтару сұралды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан 17 желтоқсандағы демалыс күнін қайтаруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.photo_108154

Мұндай сұраныс "Ашық диалог" порталындағы Еңбек министрінің блогына жіберілді. Ер адам Еңбек министрлігінің басшысынан 17 желтоқсанда демалыс күні мәртебесін қайтару мүмкіндігін қарастыруды сұраған.

"Олар 25 қазан - Қазақстан Республикасы күні демалыс күні мәртебесін қайтарды, бірақ 1 және 17 желтоқсанды алып тастады. Мен түсінемін, бәлкім, Еңбек министрлігі еңбек пен демалыстың тепе-теңдігіне сүйенген шығар, бірақ біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, 17 желтоқсан әрқашан мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болғанына үйреніп қалғанбыз", - деп жазды үндеу авторы.

 Бұған жауап ретінде Тамара Дүйсенова Қазақстанда тойланатын мерекелердің құқықтық негіздері "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңмен реттелетінін айтты.
"Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері.

16 желтоқсан - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты күн болғандықтан мемлекеттік мереке. Ал еске алу күні - 17-18 желтоқсан. Осыған байланысты 17 желтоқсанды мемлекеттік мереке ретінде атап өтуді орынсыз деп санаймыз", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале